• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: ҚХР мен ЕО 8 пайыздық арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі арқылы өтеді

Б.Сағынтаев: ҚХР мен ЕО 8 пайыздық арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі арқылы өтеді

6 Қазан, 2015 13:42
ҚХР мен ЕО 8 пайыздық арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі арқылы өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форум барысында ҚР Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«ЕАЭО мен ШЫҰ құрамына кіретін мемлекеттердің географиялық жағдайы континенттің орталық бөлікте орналасқан, яғни халықаралық сауда желілерінің негізгі торабы. ЕАЭО және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экономикаларының жиынтық көлемі бүгінде 13 трлн. АҚШ долларына жетіп отыр немесе жалпы әлемдік ЖІӨ көлемінің 16 пайызын құрады.осы өңір халқының саны 1,5 млрд. адамнан асып отырғандығын, бұл өз кезегінде шамамен Жердегі адам санының төрттен бір бөлігін құрайды», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, ЕАЭО мен ШЫҰ ынтымақтастығы аясында «Жібек жолының экономикалық белдеуі»  жобасы сәтті жүзеге асты.

«Осы кеңістікте нарықтардың ауқымды көлемдері ЕАЭО және ШЫҰ елдерінің кең экономикалық ынтымақтастығын дамыту қажеттігін айқындап отыр. ҚХР мен ЕО 8 пайыздық  арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  дәлізі арқылы өтеді», - деді Б.Сағынтаев.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар