ЕАЭО еркін сауда аймағын 10 елмен бірігіп құруды қарастыруда

6 Қазан, 2015 13:34
ЕАЭО еркін сауда аймағын 10 елмен бірігіп құруды қарастыруда. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форум барысында ҚР Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«ЕАЭО еркін сауда аймағын Израиль, Үндістан, Мысыр және Иранмен құрудың пайдалылығын зерттеуде.Үкімет басшысының бірінші орынбасары өз сөзінде биылғы 29 мамырда ЕАЭО мемлекеттері мен Вьетнам еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойғандығын еске салып өтті. 

Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту жөнінде келіссөздер жүргізілуде», - деп тоқталды Б.Сағынтаев. 

ҚР Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасары ЕАЭО-мен ынтымақтастықты тереңдетуге басқа да көптеген елдер ұмтылып отырғандығын айта келе, ЕАЭО-пен еркін сауда аймағын құруға Үндістан, Мысыр, Израиль, Сирия, Индонезия, Иран, Корея, Моңғолия, Эквадор, Перу мен Чили қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді. 

«Израиль, Үндістан, Мысырмен еркін сауда аймағы келісімін бекітудің пайдалылығын зерделеу бойынша бірлескен зерттеу тобы құрылды. Иранға қатысты осындай топты құру туралы шешім қабылданды», - деп нақтылап өтті ол.

Айта кетейік, еркін сауда аймағы – халықаралық интеграция типі, ол арқылы қатысушы елдерде кедендік баж салығы, салық пен төлем  алынып тасталады.

 

Барлық жаңалықтар