• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар ядролық қауіпсіздік бойынша ресейлік-америкалық магистр дипломын ала алады

Қазақстандықтар ядролық қауіпсіздік бойынша ресейлік-америкалық магистр дипломын ала алады

6 Қазан, 2015 13:28
«ПИР-Центр» халықаралық зерттеулердің ғылыми орталығы қазақстандық студенттерге ядролық қаруды таратпау мамандығы бойынша ресейлік-америкалық магистр дипломын алуды ұсынады, деп хабарлады ұйымның директоры Альберт Зульхарнеев өз баяндамасын оқу барысында.

«Біздің ғылыми-зерттеу бағдарламаларымыздың ішінен білім беру, басып шығару және ақпараттық бағдарламалар шығады. Жаңа жобалардың бірі – жаппай жою  қаруын таратпау мамандығы бойынша ресейлік-америкалық екіжақты диплом магистратурасын  құру.  Яғни, бұл  серіктестіктің өте терең деңгейі, мұнда АҚШ пен Ресейден ғана емес сонымен қатар өзге мемлекеттерден оқуға түскен студенттер Ресейде және АҚШ университеттерінде аталмыш мамандық бойынша білім алатын болады», - деді А. Зульхарнеев.

ПИР-Центрдің «Ресей және ядролық таратпау» бағдарламасының директоры Андрей Баклицкий атап өткендей, ұйым Қазақстаннан келетін студенттерді қолдап отыр.

«Біз Қазақстанның атом энергетикасын дамытуды көздеп отырғанын білеміз. Оның үстіне Қазақстанның уран өндіру бойынша әлеуеті де өте жоғары. Егер сіздер атомэлектрстанциясын құратын болсаңыздар онда сіздерде біліктілігі жоғары кәсіби мамандар керек. Әрине сіздердің мамандарыңыз жетерлік алайда таратпау саласындағы жаңа жас мамандар ол қуантарлық жайт болар еді. Сондықтанда қазақстандық студенттерге есігіміз ашық», - деді ол.  

Барлық жаңалықтар