- Басты
- Жаңалықтар
- Тараз гарнизонының запастағы әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлықтарын арттыруда (ФОТО)
Тараз гарнизонының запастағы әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлықтарын арттыруда (ФОТО)
Тараз гарнизонының 85395 әскери бөлімі базасының Әскери полиция бөлімінде әскери міндеттілердің жиыны ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде басталды. Осы жиынға шамамен 100 әскери міндетті, оның ішінде запастағы 19 офицер және 81 сержанттық және қатардағы жауынгерлік құрамның өкілдері келді.
Жиын бағдарламасы 2 аптаға есептелінген. Әскери міндеттілер бөлім офицерлерінің басшылық етуімен жауынгерлік дайындық пен әскери істің ерекшеліктерін, қару-жарақ пен техниканы меңгеруде. Сонымен қатар, тылдық және техникалық қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, тәрбие және идеология жұмысының жекелеген әскери мамандықтары бойынша дайындық жүргізілуде. Әскери міндеттілермен әскери жиындар әскери-оқытылған резервтің санынан азаматтардың әскери дайындығының қажет етілетін деңгейін ұстап тұру үшін жиі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Олардың негізгі мақсаты – ҚР ҚК әскери полициясы органдарының әскери қызметшілері ретінде олардың әскери арналуы бойынша әскери міндеттілерді дайындау болып табылады. Ескерте кетейік, қыркүйек айының соңында әскери міндеттілердің жиыны Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды, оған 70 адам қатысқан болатын. Одан басқа, жиын қазір Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция бөлімінде өткізілуде. Аталған оқу-жаттығуға бұрын Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткерген және запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар болып табылатын 100 адам келді. Жиын бағдарламасы «Іле» оқу полигонындағы палаткалы қалашықта өткізіледі және 2 аптаға есептелінген.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Көпбалалы полиция майоры: Мен үшін "өзгенің баласы" деген ұғым жоқ -
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады -
Тоқаев: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр