• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногрскте «Шағын қалаларды дамыту -2020» бойынша 9,7 млрд теңгенің жобаларына өтінім тасталды

Степногрскте «Шағын қалаларды дамыту -2020» бойынша 9,7 млрд теңгенің жобаларына өтінім тасталды

6 Қазан, 2015 15:36
Степногрскте «Шағын қалаларды дамыту -2020» бойынша 9,7 млрд теңгенің жобаларына өтінім тасталды, деп хабарлады облыстың ІСБ жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

 «Шағын қалаларды дамыту -2020» бағдарламасының шеңберінде жоспарланып отырған жобалар төңірегі жайында қаржы және экономика бөлімінің жетекшісі Шолпан Төлегеновамен осы апта басында өткен жоспарлы отырыста кеңінен  баяндалды.

Келер жылға  қала бойынша  сомасы 9,7 млрд. теңгені құрап отырған жобаларға тиісті Министрліктерге   бюджеттік өтінімдер жасалған. Онда  тек қана құрылыс саласы  бойынша 17 жоба қамтылған. –деп баян етті бөлім жетекшісі.

Атап  өтсек,  «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»бағдарламасның шеңберінде екі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы болшақта  тұрғын жайға кезекке тұру жағдайын 7 пайызға төмендететіндігі болжалуда, бұдан басқа  сумен және жылумен қамтушы обьектілердің құрылысы, қала мен кенттерді  жарықпен қамту, 7-ші шағынауданындағы  балабақшаның құрылыстары мен  қаладағы 5-ші ықшамауданындағы балабақшаны қайта жаңғырту сынды жобалар жоспарлнуда.

 Өңірдің әлеуметтік-эономикалық ахуалын жақсартуда үлкен маңызға ие болып отырған мәселе - тұрғындарды таза ауыз сумен қамту. Бұл бағытында 2016-17 жылдары  қаржыландыруға 4 жобаға өтінім жіберілген.

Онда Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттеріндегі сумен қамту жүйелерін жаңғырту,сондай-ақ қаладағы су  және кәріз желілерінің өңделуі қарастырылған.  Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде Шантөбе, Заводской, Бестөбе және Қарабұлақ ауылын жарықтандыруға республикалық   және облыстық бюджеттерден қосымша қаржымен қамту өтінімі  жіберілген.

Барлық жаңалықтар