ЕАЭО аймағында 2025 жылға дейін ортақ энергия нарықтары әзірленеді - ЕЭК

6 Қазан, 2015 12:24
ЕАЭО аймағында 2025 жылға дейін 180 млн адамдық ортақ энергия нарықтары әзірленеді, деді Астанадағы «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы барысында ЕЭК коллегиясының төрағасы Виктор Христенко.

«Жаһандық қаржы дағдарысы әлемдегі интеграция және өңірлендіру үрдісінің қозғаушы күші болып есептеледі. Қазір жалғыздың үні шықпайтын кезең, жалғыз адам ештеңе тындыра алмайды. Әркім өз жобасын жүзеге асыра алатын алаң мен топ іздейді. Өңірлендіру әдістерін дамыту – қатерлерге деген жауап табу, әлемдік құрылымның сәулетін жаңартуға жол ашу болып табылады», - деді В.Христенко.

Оның айтуынша, ЕАЭО кеңістігінде 180 млн адамдық нарық құрылуда, олар транспаренттік тәртіп бойынша өмір сүрулері керек. Осы орайда 2025 жылға дейін ортақ энергия нарығын құру қажет.

«Бірыңғай нарықты тиімді жұмыс істету үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс істеу қажет. Ол одақ  елдерінің экономикасын дамытуға стимул береді. Жақын арадағы 10 жыл ішінде үйлестірілген энергия саясаты мен ортақ энергия нарығын құруға ұмтылу қажет. 2019 жыл – электр энергиясының жылы, 2025 жыл – мұнай нарығы, газ бен мұнай өнімдері», - деді ол.

 Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар