- Басты
- Жаңалықтар
- Жібек жолы жобасына Еуразиялық континенттің 60 елі қатысады
Жібек жолы жобасына Еуразиялық континенттің 60 елі қатысады
«Еуразиялық Экономикалық перспектива» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ЕАЭО пен «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» қытайлық жобаның түйіскен нүктесін сөз ете келіп, экономикалық өзара іс-қимылдың базалық негізін құрайтын үш басым бағытты атап өтті.
«Қазақстан қазірдің өзінде Қытайдың, Еуропаның, Таяу Шығыс пен Оңтүтстік Азияның нарығын байланыстыратын көліктік-транзиттік магистралдың маңызды бөлігі болуға дайын. Осы мақсатта «Нұрлы жол» еліміздің инфрақұрылымдық даму жоспары жүзеге асырылуда,-деп атап өтті Қ. Жақыпов.
Мәжіліс төрағасының пікірінше, өңір экономикасының Жібек жолы арқылы жандануы 60елдің дамуын ынталандырады.
«Еуразиялық континенттің 60 елінің жобаға қатысуы 4 млрд адамды қамтуға мүмкіндік береді. Бұл Жібек Жолы аясындағы елдердің экономикалық саласының жаңа идеологиясы», - деді ол.
Қ. Жақыпов атап өткен екінші маңызды бағыт-Қытай және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің сауда-экономикалық, индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту жөнінде кешенді шаралар қабылдау.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері