- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестердің біріккен отырысы өтті – «Нұр Отан»
Қарағандыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестердің біріккен отырысы өтті – «Нұр Отан»
Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментіне қарасты Қоғамдық кеңестердің мүшелері шақырылды.
Жоғарыда аталған кеңестің және Қарағанды экономикалық университетінің бастамасымен жемқорлық барынша белең алған мемлекеттік органдарды анықтау мақсатында аймақ тұрғандары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Сауалнама қорытындысы туралы экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Талғат Ханов қысқаша баяндама жасады.
Оның айтуынша, сауалнама жүргізілген тұрғындардың жартысынан көбі жемқорлықтың жүзеге асқан сәтіне тікелей немесе жанама куә болған. Алайда, сауалнамаға жауап берушілердің басым бөлігі жемқорлықпен жанама жолығып, көбісі ақпаратты БАҚ және ғаламтордан кезіктіргенін айтқан.
Партия көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Соның ішінде, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – өркендеген мемлекет» жобасы да бар. Бұл жобаның аясында Қазақстан Альянсымен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, азаматтық бастамаларға көмек көрсету, бірлескен және жекелеген секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу шаралары жүргізіледі. Сонымен бірге, Қазақстанда тұңғыш рет сыбайлас жемқорлықты түйсінуді жыл сайынғы Ұлттық көрсеткішін қалыптастыруға арналған әдіснамалық база әзірленуде. Бұл – аймақтар мен экономика салаларының, тұрғындардың және аса маңызды тіршілік қарекеті саласындағы кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықты қабылдауының жыл сайынғы рейтингі.
Отырыс соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресті белсенді етуді тапсырып, барлық қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына жемқорлық заң бұзушылық және қылмыс жасалған жағдайда дербес жауапкершілікке тартылатындары туралы қатаң ескерту жасады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы