Қ.Жақыпов: Қытай ЕАЭО-ның басты серіктестерінің бірі

6 Қазан, 2015 11:39
Қытай ЕАЭО-ның басты серіктестерінің бірі. Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы барысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы Қабиболла Жақыпов айтты.

«Одақ ашық экономикалық одақ ретінде құрылды, ол еуразиялық өңір елдерінің Еуропа мен Азияның экономикалық интеграциясының стимулына ынталандыруды қарастырады. Қытай ЕАЭО-ның басты серіктестерінің бірі болып есептеледі», - деді Қ.Жақыпов.

Оның айтуынша, осы орайда Еуразиялық комиссия мүше-елдердің министрліктерімен қоса ЕАЭО елдерін дамытатын өндірістік бағдарлама дайындауға болады, ол Қытаймен де өзара әрекеттеседі.

«Ол үшін  біздің елдердің тек қаржылық мүмкіншілігін ғана емес, Еуразиялық даму банкі, Азия банкі, инфрақұрылымдық инвестициялар мен Жібек Жолы қорының қаржыларын қолдана алатын едік», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар