Атырау МӨЗ-ден параксилолдың алғашқы топтамасы алынды – ҚМГ

6 Қазан, 2015 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытында параксилолдың алғашқы топтамасы алынды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы.

Атырау мұнай өндеу зауытында хош иісті көмірсутегі кешені жобасы мәресіне жетті.  Елімізде алғаш рет өндіріліп отырған  параксилол өнімінің бірінші партиясы резервуарға жіберілді. Бұл құрылыс материалдарын шығару, ауыл шаруашылығы тіпті фармацевтика саласында қолданылатын универсалды сұйықтыққа сұраныс жоғары. Жалпы, құны 1млрд 130 млн долларды құрайтын жоба Байтерек холдингінің еңшілес ұйымы Қазақстаның Даму банкінің қаржылай  қолдауымен іске асырылып отыр.

Айта өтейік, Атырау МӨЗ хош иісті көмірсутектер өндіру кешеніндегі іске қосу мен жөндеу жұмыстары 2014 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылды.

Жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін өнімнің жоспарланатын жылдық көлемі 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилолды құрайтын болады. Жоба Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химиялық кешендерді құрастыру іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүзеге асырылуда.

Барлық жаңалықтар