- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Жібек жолы аймағының экономикасын қайта түлету бұл – Еуразияны тұтастай дамыту жоспары
Қ.Жақыпов: Жібек жолы аймағының экономикасын қайта түлету бұл – Еуразияны тұтастай дамыту жоспары
Форумды Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ашып, еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында халықаралық ынтымақтастықты жаңа белеске көтеретін, көптеген елдер үшін маңызды интгерациялық жобаларды ұсынғанын айта келіп, олардың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде:
«Бүгін осы форумда біз еуразиялық экономикалық интеграцияның перспективаларын талқылай отырып, ең алдымен көрнекті саясаткерлер негізін қалаған одақтың мақсаттары мен ұстанымдарын басты назарға алуға тиіспіз», -деп атап өтті Қабиболла Жақыпов.
Мәжіліс Спикері ЕАЭО жаңа әлемдік экономикалық құрылыстың негізгі бөлігін құрайтын барлық мүмкіндіктерге ие ауқымды жобаға айналатынына сенім білдірді.
Осы ретте Қабиболла Жақыпов ЕАЭО пен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қытайлық бастаманың түйіскен тұсына назар аударды.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Жібек жолы аймағының экономикасын қайта түлету бұл – Еуразияны тұтастай дамыту жоспары.
«Бұл жобаға еуразиялық кеңістіктегі 60 тан астам елдердің қатысуы төрт миллиардтан жоғары халықты қамтуға жол ашып, көптеген елдердің экономикалық белсенділігін арттырып, жер шарының айтарлықтай бөлігінде өзара тиімді және теңдестерілген экономикалық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді деп болжануда. Шын мәнінде бұл Жібек жолы аймағында орналасқандар үшін экономикалық өрлеудің жаңа идеологиясы»-деді, Мәжіліс Спикері.
Форум жұмысына Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы С. Нарышкин, Тәжікстан Ол Мәжілісі намояндагон Мәжілісі төрағасы Ш. Зухуров, сондай-ақ, Беларусь, Қытай, Қырғызстан делегациялары, жетекші университеттердің ректорлары, саясаткерлер қатысуда.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды