• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: ОҚО-дағы инновациялық жобаларға 500-ден астам білікті кадрлар қажет болады (ВИДЕО)

ИИДМБ: ОҚО-дағы инновациялық жобаларға 500-ден астам білікті кадрлар қажет болады (ВИДЕО)

6 Қазан, 2015 11:56
ОҚО-да 100 инновациялық жоба салынады, оған 500 білікті маман қажет болады. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықов Strategy2050.kz. АА хабарлады.

«Аймақта жақын арада 100 инновациялық жоба салынады, оған 500 білікті маман қажет болады. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс үш мамандық бойынша келіп түсті, әрбіреуіне 60 маман қажет, демек 180 орын біздің университетке бөлініп отыр. 200 маман дайындау бойынша кәсіпорындармен келісім орнатылды», - деді ректор.

Ж.Мырхалықов айтып өткендей, осы жылы 180 орынға 400 абитуриент тапсырды, байқауда 1 орынға 3 адам бақ сынады.  

«Қызығушылықты бакалавриат дәрежесін алған жұмысшылар қатарының 60 пайызы танытып отыр. Олар жақсы мамандар, оларды кәсіпорын қойып отырған мақсаттарды жүзеге асыру жолында үйрету қажет», - деді ректор.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар