- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Нығматулин: нұротандық – мәжілісмендердің заңнамалық бастамасы нақты нәтижені көздейді
Нұрлан Нығматулин: нұротандық – мәжілісмендердің заңнамалық бастамасы нақты нәтижені көздейді
Жаңа енгізілімге байланысты Қылмыстық, Бюджет кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.
Аталған заң жобасының маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, құжаттың депутаттардың өздерінің, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің бастамасымен дайындалып, Палата қарауына енгізіліп отырғандығын баса атап өтті.
Одан әрі Нұрлан Нығматулин осы сынды басқа да заң жобаларына халық қалаулыларының ұйтқы болуы – мәжілісмендер қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек етті.
«Айта кету керек, 5-шақырылым депутаттарының заңнамалық бастамалары да, олардың нәтижелері де айтарлықтай жоғары. Қазірдің өзінде мәжілісмендердің, атап айтатын болсақ, нұротандық - депутаттардың бастамасымен, 12 заң жобасы әзірленіп, Палата қарауына енгізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 15-ке жеткізу межеленіп отыр. Ол құжаттар түрлі саланы қамтиды. Мысалы, қазір әлеуметтік стандарттарға, ауылшаруашылығын дамытуға, халықаралық келісімдерге қатысты заң жобалары дайындық үстінде. Ең негізгісі, олардың барлығы мемлекетіміздің дамуына және халқымыздың игілігіне қызмет ететін болады»,-деді Мәжіліс Төрағасы.
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі