- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық стандарттарға сай ИИДМБ-2-ге кадр дайындалады
Халықаралық стандарттарға сай ИИДМБ-2-ге кадр дайындалады
Форум «Тұрақты қоғамға арналған инженерлік білім беру» тақырыбы аясында 130-ға жуық елдің басын қосты.
Флоренцияда Халықаралық инженерлік білім беру Форумы әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби сарапшылардың басын қосты. Форум аясында жаһандық инженерлік білім берудің бағыты, білім берудегі, индустрия мен ғылымдағы әріптестіктің жаңа формаларын қалыптастыру, инженерлік білім беру бағдарламаларының сапасы, білім берудегі жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар және т.б. тақырыптар талқыға түсті.
Ауқымды іс-шараның маңызы зор. Әлемдік экономикалық жаһандану мен ғылыми-технологиялық прогресс уақытында заманауи инженерлік білім қоғамның тұрақты дамуында негізгі білімнің құрамдас бөлігі ғана болып қалады.
WEEF 2015 жұмысына әлемдік инженерлік бірлестіктер қатысты: Инженерлік білім беру қоғамының халықаралық федерациясы (IFEES), Инженерлік білім беру саласындағы аккредитациялау бойынша еуропалық желі (ENAEE), Инженерлік білім саласындағы Америкалық қоғам (ASEE), Инженерлік педагогика саласындағы халықаралық ұйым (IGIP), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық кеңес (EED), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық қоғам (SEFI), Инженерлік білім берудегі ғаламдық қоғам (GEDC), Инженерлік білім беруді дамытатын Халықаралық институт (IIDEA) және басқа да халықаралық ұйымдар.
Форумда қазақ халқының мүддесі үшін үздік университеттердің басшылары – ИИДМБ-2ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорлар Консорциумы мүшелері экономиканың негізгі алты бағыты бойынша жұмыс жасады. Консорциум мүшелерінің мақсаты экономиканы әртараптандыру, отандық өнімнің және елдің инновациялық секторының дамуына бағытталған ИИДМБ-2 кадр дайындауда халықаралық инженерлік білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Форум нәтижесінде Қазақстандық ЖОО Консорциумы мен IFEES, ENAEE, IGIP халықаралық инженерлік бірлестіктерімен және қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы (КazSEE) арасында институционалдық келісімге қол қойылды. Білім беру бағдарламаларының сапасы мен оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыруда және түлектерді сертификациялауда келісімнің маңызы зор.
ENAEE-пен жасалған әріптестік келісім негізінде бүгінде қазақ делегациясына бағдарламаларды аккредитациялау сапасы жөнінде семинар ұйымдастырылды. Әріптестік EUR-ACE белгісін алып, жалпы еуропалық аккредитациядан өткен бағдарламалар тізіміне енуге және түлектерге EUR ING кәсіби дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
IGIP-мен жасалған Меморандум оқытушы-профессорлық құрамды IGIP ҚазҰУ сертификацияланған тренинг орталығының техника және технология негізінде қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар «Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы» атағын алған маман арнайы реестрге қосылып, сол арқылы халықаралық деңгейде жұмыс істеуге жол ашылады.
Форумның нәтижесінде Орта Азиялық инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ететін және КazSEE қызметінің негізінде еуропалық аккредитациялық агенттік желісіне бағытталған білім беру бағдарламаларының аккредитациялау орталығын ашу жоспарланғанын ерекше атап өту керек.
ҚР ЖОО Консорциум төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов: «Осы сапарда инженерлердің әлемдік кәсіби ұйымдары ИИДМБ-2 ге кадр дайындауға қатысатындарын айтты. Бұл маңызды нәтижелердің бірі. Жасалған келісім-шарттар мен бірлескен жобалар ИИДМБ-2ге қатысатын ҚР университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырары сөзсіз. Және Қазақстандағы инженерлік білім берудің дамуы мен экономикалық мамандардың білімге негізделген жаңа толқынның пайда болуына септігін тигізеді», - деп қорытындылады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды