• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да жыл соңына дейін 60 мың тоннаға есептелген шағын элеватор пайдалануға беріледі

СҚО-да жыл соңына дейін 60 мың тоннаға есептелген шағын элеватор пайдалануға беріледі

6 Қазан, 2015 10:08
СҚО-ның Ш.Уалиханов ауданында жыл соңына дейін 60 мың тоннаға есептелген шағын элеваторды пайдалануға беру жоспарланған. Ол іске қосылғаннан кейін мұнда 60 адам жұмыс істейтін болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов астық қабылдау кәсіпорны  «Северная Нива» ЖШС құрылысы барысымен танысты.

Көктерек ауылдық округінде облыс әкімі Е.Сұлтанов егін жинау барысымен танысты және «Қызылту-НАН» Агрофирма» АҚ , «Жолдаспай-Агро» ШҚ мен «Юнайт-инвест»ЖШС-лардың егін алқаптарын аралады. Кәсіпорын басшылары астықтың мол түсімі мен ауа-райының қолайлығын атап өтті. Аймақ басшысы шаруаларға күзгі астық бастыру жұмыстарын сәтті аяқтауды тіледі.

Бұдан басқа, Е.Сұлтанов Қайрат ауылдық округінің Құлыкөл-Қаратал аудандық маңыздағы жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда көктемгі су тасқынынан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы аралаған соңғы нысан «Жақсы тұз Петропавл»ЖШС болды. Мұнда геологиялық барлау жұмыстары аяқталып, тұз өндіру үшін комбайндар сатып алынған. Сонымен қатар асқа қосатын тұз және түйіршектелген тұз өндіретін қайта өңдеу кәсіпорынын ашу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар