• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 268,2 млрд теңгенің 38 874 нысаны жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 268,2 млрд теңгенің 38 874 нысаны жария етілді – Қаржы министрлігі

6 Қазан, 2015 09:52
Қазақстанда 2015 жылдың 2-ші қазанындағы жағдай бойынша сомасы 268,2 млрд. теңгеге 38 874 нысан жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 522,7 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 54 086 өтініш түсті.

Оның ішінде сомасы 387,2 млрд. теңгеге 45 152 тұрғын үй нысаны,  сомасы 130,0 млрд. теңгеге 23 206 тұрғын үй емес нысан, оның ішінде 92,4 млрд.теңгеге 5 562 коммерциялық  нысан, сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 19 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 268,2 млрд. теңгеге 38 874 нысан  жария етілді.

 Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 657,4 млн тенге құрайтын 24 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті.

Сомасы 650,7 млн. тг құрайтын 20 тұрғын үй объекті,  сомасы 3,7 млн. тг құрайтын 2 тұрғын үй емес нысан, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын 1 коммерциялық нысан,  сомасы  3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі,670 тг сомасында бағалы қағаздар.

Сомасы 654,2 млн. теңгеге 21 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 01.10.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 78,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 167 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,4 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,7 млрд. теңге.

Барлық жаңалықтар