• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның 275 елді мекенінде тұрғындар сүт өндіру кәсіпорындарына сүт өткізеді

ШҚО-ның 275 елді мекенінде тұрғындар сүт өндіру кәсіпорындарына сүт өткізеді

6 Қазан, 2015 09:21
Аймақта сүт-тауарлы фермаларды ашу және тұрғындардан сүт сатып алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстың 12 ауданындағы 275 елді мекенінде қазіргі уақытқа дейін күнделікті 24 сүт қабылдау пунктіне сүт өткізуде, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жұмыс облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. 

Жыл соңына дейін сүт қабылдау пункттерінің санын 33-ке жеткізу жоспарлануда. Бұл тұрғындардан 25 мың тоннаға дейін сүт сатып алуға мүмкіндік бермек. Нәтижесінде өндіріске 110 мың тонна сүт жөнелтіліп, өндірістік күштің 69 пайызын құрап, ауылшаруашылығының өрісі кеңейе түспек.

Өскемен қаласында сүт қабылдау модулінің жинақталуы пункттердің көбеюіне сеп болады. Бүгінде Үльбі модульдік компаниясы сүт қабылдау пункттерін құрастыруға жалпы сомасы 33 млн. теңгеге 10 келісімшартқа қол қойды. 

Сондай-ақ, айта кету керек бүгінде облыста 18,2 мың сиырға 57 сүт-тауарлы фермасы бар және олардың сүт өндірісі 76 мың тоннадан асып түскен. 

Барлығы білетіндей, Шығыс Қазақстан облысы сүт өндіруден республика бойынша үшінші орында, алайда сүт өндіретін кәсіпорындар тек 35 пайызға жүктелген. 

Барлық жаңалықтар