Қостанай облысындағы жол-құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

6 Қазан, 2015 08:53
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдың көлік инфрақұрылымдарында, халықаралық әуежай мен теміржол вокзалын, сонымен қатар, олар Тобыл өзенінен өтетін Екатеринбург-Қостанай күре жолындағы көпірдің күрделі жөндеу барысын барлап қайтты, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Көпірді қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары туралы «ҚазАвтоЖол» Қостанай қаласы филиалының директоры Андрей Горват баяндап берд.

Оның айтуынша, 1 қазанға дейінгі көпірді қалпына келтіруге арналған қаражат толығымен игерілді. Республикалық маңызы бар жолға күрделі және орта жөндеу жұмыстары мен күтіп баптау шаралары жүргізілді.

Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық коммуникациялар ауыстырылды. Атап айтқанда Таран көшесі астындағы жылу жүйелерін, көпір астындағы газ құбыры, байланыс желісі жаңартылды. Қазіргі кезде көпірдің тірек бөлімшелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілдуде.

Андрей Горваттың айтуынша, ағымдағы жылы Қарабұтақ-Қостанай автомобиль жолының 42 километрі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жолдарды тегістеу жұмыстарының көлемі толық орындалды. Бүгінде жол жиектерін бекіту, шығу жолдарын орнату жүргізілуде. Автопавильондар мен жол белгілері орналастырылуда.

Бұған қоса, Қазақстан-Ресей «Қайрақ» шекара өтпежолын жабдықтау шаралары қолға алынды. Өтпежолды жаңа асфальтбетонды төсеу арқылы кеңейту жұмыстары өз мәресіне жетіп қалды. Жаңа жылдың соңына дейін ұзындығы 91,5 километрге жететін Екатеринбург – Алматы және Мамлютка-Қостанай автожолдарының 5 бөлімшесіне жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жалпы,Қостанай облысының жолдарын күрделі, орта жөндеуден өткізу, қалпына келтіру жұмыстарына 800-ге жуық жұмыс күші тартылды. Мердігерлер ұйымдармен осы жұмыс орындарын сақтап қалу және қазақстандықтардың 90 пайызын тарту туралы келісім жасалды. 

Андрей Горват айтып өткендей, автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға дайындық және жол-көлік техникаларын, өндіріс базаларын, қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жолдарды өңдейтін тұз, көмір және құм әзірленді.

Шара қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті мен Қостанай облысы әкімі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысына автожолдардың қыс мезгіліне уақтылы дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Барлық жаңалықтар