- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Қытай екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңінің қарсаңында тұр
Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Қытай екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңінің қарсаңында тұр
Кездесу иелері, аталған халықаралық форумның екі мемлекет үшін де өте маңызды екенін айта келіп, Қазақстан мен Қытай басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында дамудың жаңа белесіне көтерілген екіжақты өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасының «Бір белдеу-бір жол» бастамасы ұзақмерзімді өзара іс-қимылдың жарқын болашағының ортақ көрсеткіші екендігіне назар аударды.
Әңгіме барысында Қ. Жақыпов мәртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институционалдық реформалары мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы баяндай келіп, осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау жұмыстары жайында әңгімеледі.
Өз кезегінде Лу Хао «Еуразиялық Экономикалық болашақ» форумы Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуінде қол жеткізілген маңызды келіссөздердің іс жүзінде жүзеге асуының тағы бір дәлелі екенін жеткізді.
Мейманның айтуынша, екі елдің заң шығарушыоргандары арасындағы өзаратиімді байланыс қазақстандық-қытайлық қарым-қатынасты табысты ілгерлетудің басты көрінісі.
Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне айрықша назар аударылды. Мәжіліс Төрағасы Халық Өкілдері Жалпықытайлық Жиналысының Төрағасы Чжан Дэцзянды ресми сапармен Қазақстанға шақырды.
Қ. Жақыпов қытайлық делегация өкілдерін Қытай Халық Республикасы (1-қазан) құрылуының 66 жылдығымен және жапондық басқыншыларға қарсы жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
Айта өтейік, кездесуге сондай-ақ, Халықаралық Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің төрағасы М. Әшімбаев, Мәжіліс депутаттары Қ. Сұлтанов, Ж. Ахметбеков, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханхуэй қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары