- Басты
- Жаңалықтар
- ХКБ бас хатшысы ЭКСПО-2017 нысандарындағы сәулет -құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
ХКБ бас хатшысы ЭКСПО-2017 нысандарындағы сәулет -құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
Кездесу барысында Ахметжан Есімов ұлттық компания тиімділік, ашықтық пен көп сатылылыққа ерекше көңіл аударып, өз құрылымын айтарлықтай өзгерткендігін атап айтты.
«Біз құрылысты ойдағыдай бітіру үшін күн сайын жұмыс істеп отырмыз. Жұмыс жалғасуда. Осымен қоса, көрменің мазмұндық бөлігіне, оның сапалы контенттік мазмұнына ерекше көңіл бөліп отырмыз», - деді Ахметжан Есімов.
ХКБ Бас хатшысы өз кезегінде қазіргі уақытта болашақ көрменің өзегін құру қажеттілігіне назар аудару керектігін айтты.
«Біз осы уақытқа дейін біршама қарама-қарсы бағыттарда қозғалып жүрдік деп ойлаймын, бір жағынан – құрылыс, екінші жағынан – промоушн. Қазір біздің іс-шарамыздың өзегін құру қажеттілігіне назар аудару керек. Мұның барлығына біртұтас тұрғыдан қарау аса маңызды. Біз ендігәрі жоспарлау сатысында емеспіз, біз қазір ендіру сатысындамыз, осы күнге дейін талқылап жүргенімізді іске асыру сатысындамыз», - деді Висенте Лоссерталес Ахметжан Есімовпен кездесуде.
Ұлттық компанияда кездесу барысында халықаралық қатысушыларды қатыстыру барысы туралы, болашақ көрменің контенттік бөлігі және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету туралы есептер тыңдалды.
Іссапар барысында Висенте Лоссерталес ЭКСПО құрылыс алаңына барып, сәулет-құрылыс жұмыстарының, оның ішінде ЭКСПО қалашығындағы жұмыстар барысымен танысты. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысының іссапары қазанның 5-інен 7-ісіне дейін жалғасатын болады. Естеріңізге сала кетсек, Лоссерталестің алдындағы іссапары 2015 жылдың наурыз айында өтті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді