- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік органдарда жемқорлық көріністерін болдырмайтын қажетті шаралар қабылдануы тиіс – Алматы әкімі
Мемлекеттік органдарда жемқорлық көріністерін болдырмайтын қажетті шаралар қабылдануы тиіс – Алматы әкімі
Күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы жасалған өңірлік жоспарды жүзеге асыру және денсаулық сақтау мен білім беру салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық жүргізу жөнінде мәселе қаралды.
«Өздеріңіз білесіздер, осы жылдар ішінде ҚР Президенті, біздің партияның Жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мысалы, әлемдік озық тәжірибе негізінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Қызметкерлер саны 8 есе азайды. Елбасының тапсырмасы бойынша Саяси кеңестің кеңейтілген мәжілісінде 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы күрестің Бағдарламасы жасалды. Демек,бүгінгі күні біздің қолымызда жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізудің барлық құралдары бар» - деп атап өтті Б.Байбек мәжіліс барысында.
Кеңейтілген мәжілісте партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімінің орынбасары, білім және денсаулық сақтау салаларының жетекшісі Зәуре Аманжолова баяндама жасады.
«Қоғамда жиі көтерілетін көкейкесті мәселенің бірі - мектептерде ата- аналардан мәжбүрлі түрде ақша жинау. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін білім беру ұйымдарында ақша жинауға қарсы шаралардың жоспары жасалып, бекітілді»-, деді З.Аманжолова.
Осыған орай «Нұр Отан» партиясы АҚФ-ның төрағасы Б. Байбек қалалық филиалдың рөлі мен мәніне тоқталып өтті.
«Жемқорлық көріністеріне тек денсаулық сақтау мен білім беру салаларында ғана емес, барлық мемлекеттік органдарда жол бермеу керек. «Hұp Отан» партиясы жемқорлық жолдарын жиі сараптап, бұл істе өзінің жетекші рөлін күшейткені жөн. Мемлекеттік органдар сынға жедел ден қойып, жемқорлық көріністерін болдырмаудың қажетті шараларын қабылдаулары тиіс», - деді әкім.
Бұлардан өзге қала басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуде есеп беру мен ашықтықты қамтамасыз етудің концептуалды әрі пәрменді шараларын жасауды, оны тиімді қолдануды тапсырды. Мысалы, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыруда әкім мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ-ты қатыстыра отырып, Халықаралық тәжірибені пайдалануды ұсынды.
«Мемлекеттік қызмет көрсету әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс. Алматылықтар белгілі нысанды ұстап тұру үшін қанша қаражат бөлінгендігін, оның кірісі мен шығысын білулері тиіс. Болашақта әкімдіктің құзырына қарайтын барлық бюджеттік ұйымдар көпшіліктің алдында жүзеге асырған істері туралы жариялы түрде есеп беретін болады», - деді әкім.
Шара соңында бір ай ішінде Жемқорлыққа қарсы жаңартылған өңірлік жоспарды жасау жөнінде шешім қабылданды. Оның жүзеге асуына партияның қалалық филиалы мен мемлекеттік қызмет жөніндегі Департамент тоқсан сайын бақылау жасайтын болады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары