- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО әкімі егін жинау барысын тексерді
СҚО әкімі егін жинау барысын тексерді
Аймақ басшысы «Гоцак» шаруа қожалығына барып қайтты, бүгінде онда 11 дана техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 2700 га алаңдағы бидай бастырылды, астықтың 90% қоймада. Ағымдағы жылы шаруа қожалық мемлекеттік қолдауға ие болды.
«Әр егін жинау уақыты бірегей, сондықтанда бастысы егін жинау науқанына сапалы дайындалу. Бірінші кезекте техниканы дайындау - комбайндар дайын болу керек, ал адамдар болса жұмысқа сақадай сай болуы болуы тиіс. Әзірге ауа-райы мінезін көрсетіп отырған жоқ, бірақ жауын шашын болатын болса онда астықты элеваторға кептіруге апаруға тура келеді. Біз ауа-райының барлық мінезіне дайын болып отырмыз. Ағымдағы жылы жаңа комбайн сатып алдық, ол бізге астықты тезірек жинап алуға көмектесіп отыр. Оның үстіне ауа-райының қолайлығы келер жылға тұқым себуге және бидайдың құнын төмендетпей элеваторларға өткізуге мүмкіндік берді», — деді «Гоцак» ШҚ басшысы Иван Гоцак.
Содан кейін облыс әкімі «Лукбанов» серіктестігінде болды, онда ауданның шаруаларымен кездесті. Бүгінде «Лукбанов» серіктестігінің иелігінде 7 мың гектардан астам жер бар. Оның ішінде 4 мың гектарына бидай егілген. Е.Сұлтанов кәсіпкерлерге егін жинау науқанын табысты аяқтауды тілеп, қысқа дайындықты бастауға шақырды.
«Жақсы агрономдар, зоотехниктер, өз кәсібінің шеберлері – бұл әрқашан жақсы нәтиже береді. Егін жинау науқанын жақсы көрсеткіштермен аяқтаған жөн. Аз қалды, ауа-райы әлі біраз жақсы болады, қайткен күнде де биылғы ауа-райын өткен жылдың ауа-райымен салыстыра алмайсын. Сондықтанда күздің қолайлы ауа-райын барынша пайдаланып қалуға тырысу керек», — деді әкім.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды