• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс пен Мемлекеттік дума бейінді комитеттердің алғашқы бірлескен отырысын өткізді

Мәжіліс пен Мемлекеттік дума бейінді комитеттердің алғашқы бірлескен отырысын өткізді

5 Қазан, 2015 18:16
Бүгін Мәжілісте Палатаның Халықаралық Қорғаныс және Қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының отандастармен байланыс және еуразиялық интеграция, ТМД істері жөніндегі комитетінің алғашқы бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Аталған комитеттер басшылары Мәулен Әшімбаев пен Леонид Слуцкий төрағалық еткен жиында парламенттер өкілдері еуразиялық кеңістіктерде интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.  Тең төрағалардың атап өткеніндей, мұндай жиын халықаралық деңгейдегі маңызды сұрақтар төңірегінде ой-пікір алмасып, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

М. Әшімбаев өз сөзінде,  Еуразиялық Экономикалық  іске кіріскен тоғыз айдың ішінде ұтымдылығын көрсетіп келе жатқанын, Қазақстан үшін зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айта келіп:  

«Бұл біздің әлемдік экономикада бәсекеге қабілеттілігімізді күшейтеді. Осы жолда біздің елдеріміз басшылары көп жұмыстар атқаруда, біз өз кезегімізде парламентаралық байланыстарымызды нығайта отырып, қолдау көрсетуіміз керек»- деді.

Өз кезегінде Леонид Слуцкий де сындарлы пікірін білдіріп, Қазақстан мен Ресейді еуразиялық экономикалық интеграцияның қозғаушы күшіне теңеді. 

Талқылау барысында экономика, гуманитарлық, білім салаларында ұлттық заңнамаларды үндестіру мәселесіне көңіл бөлінді.

Қатысушылар бірқатар халықаралық бастамаларға қатысты өз қолдауларын білдірді. Мәселен, қазақстандық және ресейлік депутаттар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016-жылы халықаралық құқық жөнінде конференция өткізу туралы ұсынысын жүзеге асыруға белсене қатыспақ. Оның ішінде парламент өкілдері тұрақты экономикалық даму бағытын іске асыруға баса назар аударады.

Жиын барысында комитеттер арасында ынтымақтастық белсенділігін арттыруға қатысты келісімге қол жеткізілді. М. Әшімбаевтың айтуынша комитеттер Қазақстан мен Ресей парламенттері палаталарының өзара іс-қимылын үйлестіруші рөлін атқара алады. Осы ретте Комитет Төрағасы ЕАЭО және Жібек жолы Экономикалық белдеуі қытайлық жобасының түйісуі, ЕАЭО пен ЕО түйісуі, сондай-ақ, украиндық әріптестермен үнқатысу орнату басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.  

Сонымен қатар, алдағы уақытта екі ел депутаттары қорғаныс-өнеркәсіп саласы мәселелерін талқылауды межелеп отыр. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық базаны қалыптастыру бағытында ынтымақтастық туралы құжат әзірлеп, қол қою туралы да ұсыныс айтылды. 

Барлық жаңалықтар