• Басты
  • Жаңалықтар
  • Балалар киімін шығаратын отандық компания мемлекеттік қолдау көрсету құралдарының тиімділігін атап өтті

Балалар киімін шығаратын отандық компания мемлекеттік қолдау көрсету құралдарының тиімділігін атап өтті

5 Қазан, 2015 19:52
«Mimioriki» компаниясы – бұл Қазақстанда шығарылатын және Ресейге экспортталатын алғашқы және жалғыз балалар киімінің бренді, деп хабарлады «Mimioriki» отандық балалар киімі брендінің бас директоры Инна Апенко «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» патриоттар форумында.

«Біздің компания түрлі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. Біз жасақталынып жатқан барлық бағдарламаларды пайдалануға тырысамыз. Оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ құралдарыда бар, онда біз банктық пайыздық үстемақыны субсидиялауды алып отырмыз», - деді И.Апенко.

Оның айтуынша, компания «ҚДБ-Лизинг»АҚ қаржыландыру бағдарламасын пайдаланды. «Бұл бағдарлама есебінен біз пішу бойынша заманауи құралды сатып алдық», - деді ол.

«Бұдан басқа, экспорттық компания болғандықтан «KAZNEX INVEST» АҚ-мен белсенді жұмыс істейміз. Біз Қазақстанда жасақталып жатқан барлық құралдардың тиімділігін атап өтеміз. Бүгінде біз өз өнімімізді Ресейге экспорттаймыз, болашақта Шығыс Еуропаға экспорттауды көздеп отырмыз»,  -деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар