- Басты
- Жаңалықтар
- Берлинде Қазақстанның сыртқы саясат бастамалары және реформаларын қолдайды
Берлинде Қазақстанның сыртқы саясат бастамалары және реформаларын қолдайды
Қазақстандық дипломат 28 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамлеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтылған сыртқы саяси бастамалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және еліміздің дамуының басқа да тиісті аспектілерінің негізгі ережелері туралы неміс тарапын хабардар етті.
Сонымен қатар, Қазақстанды 2017-2018 жылдардағы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету және Қазақстанның ДСҰ кіруі аясында екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін дамыту, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар 2012 жылы Германияға жасаған Елбасының сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудағы өзара табысты әрекеттерді белгіледі, атап айтқанда, шикізат, технологиялық және өндірістік салалардағы серіктестіктің баяндылығы, сондай-ақ Қазақстанда дуалды білім берудің неміс моделін енгізу.
Келіссөздер барысында Қазақстанда тұратын және Қазақстаннан Германияға көшкен екі ел арасындағы «тірі көпір» болып табылатын этникалық немістердің рөлі ерекше аталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ЕО визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Неміс тарапы, өз кезегінде, БҰҰ реформалау үдерісі шеңберінде ҚР сыртқы саяси бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына жоғары баға берді. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы атап өтіп, алдағы көрмеге Германияның ұлттық үйлестірушісі (комиссары) тағайындау туралы баяндалды.
Жалпы алғанда, кездесу нәтижесінде екіжақты қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайту бойынша Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып отырғаны, сондай-ақ тараптардың халықаралық күн тәртібіндегі қарқынды дамуына өзара қызығушылығы бар екені анықталды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы