- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қазақстанның фармацевтика саласында 2200 жұмыс орнының ашылуымен 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
ИИДМБ: Қазақстанның фармацевтика саласында 2200 жұмыс орнының ашылуымен 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
2010-2014 жылдары Индустриаландыру картасы аясында 39,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, 25 жоба іске қосылды.
«АбдиИбрахимГлобалФарм» ЖШС БК, «Бирунифарм» ЖШС және МедикалФарм «Ча-Кур» ЖШС жобларын 2015 жылдың қазанында іске қосу жоспарланған. Аталған жобаларға жалпы көлемі 5,4 млрд. теңге инвестиция тартылады.
Анықтама: Фармацевтикалық өнімдер өндірісінің артуына бірнеше фактор әсер етті. Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жаңа кәсіпорындардың өнім өндіру көлемін арттыруымен байланысты. 2010-2014 жылдар аралығында жалпы 25 жоба пайдалануға беріліп, олар өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттырып отырды. Индустриаландыру картасы жобалары аясында 2010 жылы 0,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 8,9 млрд. теңгеге жетті, ол жалпы өндірілген өнім көлемінің 23,4%. 2015 жылдың қаңтар-маусым аралығында Индустриаландыру картасы аясындағы жобалар 4,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл Қазақстанда шығарылған жалпы өнім көлемінің 34,6%.
2015 жылы қаңтар-наурыз аралығында фармацевтика саласындағы кәсіпорындарға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 6,6 млн. АҚШ долларына тең. Биыл өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 2,1 есе өсті.
Фармацевтика саласына Pfizer (АҚШ) сияқты алпауыт компанияны Алматы облысында вакцина өндірісіне, ал Қарағанды облысында таблеткалар өндіру жобасына Sanofi (Франция) компаниясын тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, Иорданияның HIKMA трансұлттық фармацевтика компаниясы елімізде қант диабеті мен ОЖЖ сырқатын емдеу үшін дәрі-дәрмек өндірісін қолға алуды және Алматы қаласында антибиотиктер шығаруға ынта білдіріп отыр. Шамамен 11 млрд. доллар инвестиция тартып, 300 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Анықтама: Қазақстандық фармацевтика нарығының қатысушысы «Химфарм» АҚ 51% акциясын еуропалық «Польфарм» компаниясы сатып алды. 100 млн. доллар инвестиция тартылды. Қарағанды фармацевтика кешеніне ресейлік инвестор-компания «Фармстандарт» келді. Инвестиция көлемі15 млн. доллар. Түркияның ірі фармкомпаниясы AbdiIbrahimIlaç San.ve Tic. A.S «ГлобалФарм» ЖШС 60% акциясын сатып алды. Жобаның құны 60 млн. доллар.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі