С. Сәпиев: Қазақстанда жас толқынды дамыту үшін барлық жағдай жасалған

5 Қазан, 2015 15:52
Қазақстанда жас толқынды дамыту үшін барлық жағдай жасалған, деді «Astana Arlans», клубының бас менеджері, Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ОКҚ-да.

«Біздің елде патриоттар форумын өткізу дәстүрге айналды. «Мәңгілік ел» идеясы біртұтастық пен бірлігі бойынша  шынайы бағыт. Біздің Елбасы ұлтаралық  дау болмау үшін халықтың басын біріктіруінде үлкен мән бар. Мен бірлікті бокспен байланыстыра аламын. Әр бармақ бөлек болғанда әлсіз, ол тек жұмылғанда жұдырық болғанда күшке ие болады. Бірлік болмаса, гүлдену де болмайды. Әрбір азамат елдің дамуына үлес қосып, спортпен айналысуға шақырамын», - деді С.Сәпиев.

С.Сәпиев айтып өткендей, республикада жас толқынды дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

«Бізде әр түрлі ұйымдар бар, «Жас Отан», «Жас Кеңес», Қазақстан  жастарының конгрессі, олар әр түрлі саладағы жас көшбасшыларды тартады. Осы үрдістермен біздің ел жастардың болашағына қамқорлық көрсетеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар