- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Операда» британдық пианиношы С. Рамэннің қатысуымен «Романтизм жауһарлары» концерті өтеді
«Астана Операда» британдық пианиношы С. Рамэннің қатысуымен «Романтизм жауһарлары» концерті өтеді
Пианиношы София Рамэн Ұлыбритания мен Еуропаның беделді концерттік залдарында өнер көрсетеді. Оның жеке концерттері BBC, Жапонияның, Швецияның, Нидерландтардың ұлттық телеарнасы, Classic FM радиосы, BBC 3 радиосы және басқалары арқылы көрсетілді. Әртіс Франция, Алмания, Жапония, Аргентина, Жаңа Зеландия, Кения және көптеген өзге елдерде жоғары табыспен гастрольде болған.
Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, Лондон қ. Корольдіктің музыка колледжінің түлектері Тыныбековтер – ағылшындық, неміс, швейцариялық, итальяндық және қытайлық көрерменнің сүйіктілері. Қазақстандық-британдық трионың концерттері Кембридждік университеттің, Лондонның Ұлттық галереясының, Ұлыбритания Корольдігінің азиялық қоғамдастығының, сондай-ақ Алматы мен Астана концерттік залдарында үнемі аншлагпен өтеді. Музыканттар жақында Швейцариядан сапардан оралды, ал алдағы жылы Англияда, Румынияда және Қазақстанда өнер көрсетуді жоспарлауда.
««Астана Опера» сахнасында мен алғашқы рет ойнаймын, дегенмен бұл менің Қазақстанға үшінші келуім, мен бұл елді өте жақсы көремін! Бұған дейінгі сапарларымда Астанада, Алматыда және Қарағандыда болудың сәті түсті. Қазақстандық көрермен қашанда жылы қарсы алады, музыканы жақсы түсінеді, адамдар – жомарт һәм қонақжай. Музыканың бар әсемдігін, ондағы құштарлықты және драманы жеткізе аламыз, және астаналық тыңдарман осы ұлы шығармалардан бізбен бірге ләззат алады деп үміттенемін», - деп атап өтті София Рамэн.
Әртістер, әрбір туындының маңыздылығына қарай, концерттің бағдарламасын мұқият әзірледі, барлық таңдалған композициялар – жауһарлар. Классикалық стильден романтикаға өту кезеңі қызықты әрі инновациялық екенін, бұл әсіресе жаңа композициялардың дүниеге келуіне ерекше әсер еткенін атап өтейік.
Кеш бағдарламасында Романтизм дәуірінің камералық музыкасының көрнекті шығармалары: Л. Бетховеннің скрипка және фортепиано №2 сонатасы, Й. Брамстың виолончель мен фортепианоға арналған №1 сонатасы, Ф. Шуберттің фортепианоға арналған №4 төкпесі, Ф. Мендельсонның №1 фортепианолық триосы ұсынылады.
«Біз үшін музыканың барлық стилі маңызды, алайда романтизм біздің рухымызға ерекше жақын. Камералық музыканың жауһары – Ф. Мендельсонның триосы – аталған бағыттың шарықтау шыңдарының бірі. Бір қызығы, бұл шығармада әрбір аспаптың маңызы бірдей. Біз, акустикасы тамаша, соны техника тілінде сөйлейтін, еліміздің ең әсем әрі ең беделді сахнасында өнер көрсететінімізге өте қуаныштымыз», - дейді Ботагөз бен Болат Тыныбековтер.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда