- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ басшысы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА қызметімен танысты
ҚТЖ басшысы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА қызметімен танысты
Іс-сапар барысында Dubai Port World әлемдегі ірі логистикалық компаниясы бірлесе басқарып отырған, АЭА Құрғақ портының ағымдағы жұмыстарын дамыту, жобаларды жүзеге асыру барысы талданды.
Онда Құрғақ порттағы жоба аясында контейнерлік алаң, теміржолдың кірме жолдары, қоймалар нысандары тұрғызылғаны айтылды. Құрғақ порт соңғы екі ай ішінде 10 мың ДФЭ контейнерлерін өңдеді. Сонымен қатар, жеке-дара өнімдерді қаптау, өңдеу жұмыстарымен де айналысады.
Еуроодақ елдеріне және одан кері қарай ҚХР-на автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылған. Бұған жергілікті тұрғындар тартылған. Олар әлемнің көліктік-логистикалық жетекші компанияларынан іс-тәжірибе алмасып отырады.
Алтынкөл станциясы арқылы транзиттік контейнерлік пойыздарды жасақтау және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да өнімдерді өңдеу мақсатында Hewlett Packard, DB Schenker, Toyota, FESCO, BRAVIS компанияларымен келісім шарттар жасалған.
«Қорғас» ҚҚШСО-да экспорттық импорт сауда операцияларын жасақтау және логистикалық келісімдер бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастады. Әлі 10 жоба сараптаудан өткізілуде. Алғашқы кезектегі жалпы инвестициялық жобалар көлемі 300 млн долларды құрайды.
Кеңес барысында Нұркент елді мекені негізінде жаңа қала салудың алғашқы кезегінің бас жоспары қарастырылды. Алматы-Қорғас автокөлік жолы құрылыс жобасын 2016 жылы аяқтау көзделуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға зор серпін береді. «Жаңа Жібек жолының» экономикалық белдеуін жасақтауға толыққанды мүмкіндік ашады.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды