• Басты
  • Т.Немцан: Бірлік, келісім мен ұлтаралық біртұтастық – патриоттар форумының негізгі арқауы

Т.Немцан: Бірлік, келісім мен ұлтаралық біртұтастық – патриоттар форумының негізгі арқауы

5 Қазан, 2015 15:34
ҚР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында бірлік, келісім мен ұлтаралық біртұтастық басты қажеттілік деген болатын, бүгінгі форумның негізгі арқауы да осы, деді «Ақбота» қоғамдық қорының директоры, Ақмола облысы Аршалы ауданының орта мектебінің директоры Татьяна Немцан «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» патриоттар форумында.

«Форумның идеясы әлемде болып жатқан күрделі жағдайларға әкеліп саяды. Осындай жағдайларда өзге елдер қол жеткізе  алмай  отырған, адамдардың бірлігі, елдегі тыныштық пен біртұтастық ауадай қажет. ҚР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында бірлік, келісім мен ұлтаралық біртұтастық басты қажеттілік деген болатын», - деді  Т.Немцан.

Форум қатысушысы атап өткендей, Қазақстан – болашағы бір ұлттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ел.

«Мен бұл тұжырымдаманы ұстаз ретінде айтып отырмын. Мен ауыл тұрғындары мен ата-аналармен кездесемін. Күн сайын мен балалармен, өңірлік әріптестеріммен кездесіп, пікір алмасамын. Біз шынымен тұрақты елде күн кешіп жатырмыз, елдегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін әр адам өзінің ойлау жүйесіндегі түйсікті қалыптастыруы қажет», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар