- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Қожамжарова: Патриоттар форумының мақсаты – қазақстандықтардың болашақ бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу
Д.Қожамжарова: Патриоттар форумының мақсаты – қазақстандықтардың болашақ бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу
«Менің ойымша 21 ғасыр – ол жылдам өзгеретін әлем ғасыры. Сондықтанда осындай жағдайда бізге бір идея керек – бұл әрине «Мәңгілік Ел» идеясы. Бұл форумның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың болашақ бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу. Және бұл шын мәнінде қолымыздан келеді», - деп мәлімдеді Д.Қожамжарова «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» патриоттар форумында.
Ректор атап өткендей, патриот болу үшін әрқашан және барлық жерде адам болып қала білу керек. Отаныңды шексіз сүйіп қана қоймай, мемлекетіңнің игілігі үшін жұмыс істеу керек.
«Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, ортақ отанымыз Қазақстан үшін жаңалықтар, инновациялар беруіміз керек. Біздің басқа Отанымыз жоқ, біздің еліміздің тарихы көп ғасырлы. Бізде бір мемлекет, ортақ тағдыр және болашақ», - деп түйді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» тақырыбын арқау еткен республикалық патриоттар форумы өтуде, оған республиканың барлық өңірлерінен 2000-нан астам делегат жиналды.
Айта өтейік, Патриоттар форумы 2007 жылдан бері Қазақстанның әр түрлі қаласында өткізіліп келе жатыр. Биылғы форум Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналады.
Индира Қауметова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»