- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбенің жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту үшін ЕҚДБ 3,1 млрд теңге бөлді
Ақтөбенің жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту үшін ЕҚДБ 3,1 млрд теңге бөлді
Сондай-ақ облыс әкімі, Ақтөбе қаласының әкімі және «Трансэнерго» АҚ мен ЕҚДБ арасындағы жобасын қолдау туралы төрт жақты келісімге қол қойды.
Өңір басшысы қол қою барысында осы іс-шараның облыс орталығы үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Өйткені, жылу жүйелері (68,5%) және қазандықтардың (58,5%) басым бөлігі тозғандықтан ақтөбеліктер жылуға толықтай қол жеткізе алмай отыр, жылудың 15-17% далаға кетеді.
Осы алынған несиенің нәтижесінде 2016-2017 ж.ж аралығында 7,7 шақырым жылу желісі және 8 қазандық қайта жаңартылатын болады.
Бұл жылу жүйесінің энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, электр, су, отын шығындарын азайтуда, жылудың үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етуде, нысандардың сапалы және сенімді жұмыс істеуде, аварияларды қысқарту, аварияларды жою үшін шығындарды төмендетуде 29.11 мың гкал 6 жылдық жылу ысыраптарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қосымша қоршаған ортаға экологиялық салдар айтарлықтай азаяды.
Іс-шара кезінде Ақтөбе облысында ЕҚДБ шамамен 20 жобаны қаржыландырғаны атап өтілді.
Бұған дейін, биылғы жылғы маусым айында Астана қаласында «Ақбұлақ» АҚ және ЕҚДБ арасында 2016-2018 жылдары Ақтөбедегі су және ағынды сулар жүйелерін жаңғырту үшін шамамен 4 миллиард теңге инвестиция несиелік келісімге қол қойылды. Келісімді орындау барысында 2016-2018 жылдары 4-сумен жабдықтау, 1-санитария үшін, 4 - орнату ақпараттық және өлшеу жүйесін іске асыру жоспарда тұр.
Жүздесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім артты. «Бізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуді одан әрі жаңғырту, автобус паркін жаңарту, облыс орталығын жарықтандыру, қоршаған ортаны жақсарту және басқа да проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстар көп. Алдағы уақытта да Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің басшылығы тарапынан қолдау табатынымызға сенімдімін»,-деген облыс әкімі қазір жұмысы қызу қолға алынып жатқан Индустриалды аймақты жандандыруға инвестициялар салу жөнінде ұсынысын білдірді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді