- Басты
- ОҚО ғалымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне 15 жоба дайындауда
ОҚО ғалымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне 15 жоба дайындауда
30 Қазан, 2013 11:47
Шымкенттік ғалымдар Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне баламалы және жаңартпалы қуат көздерінің жаңа түрлерін ұсынбақ. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жиында ауылшаруашылығы, медицина және өнеркәсіпте биотехнологияларды дамыту, нанотехнологиялардың болашағы, экологиялық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер талқыланып, шешімдері айқындалды», - делінген хабарламада.
Шараға Ресей, Украина, Өзбекстан, Польша, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен және Қазақстанның әр түкпірінен ғалымдар қатысты.
«Қазіргі уақытта ұсынылып отырған 15 жобаның жалпы құны 600 миллион теңгеге жуық. Оны еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі қаржыландырып отыр. «Бұл ғылыми еңбектердің әлемде теңдесі жоқ, тиімділігі жоғары», -дейді оңтүстік қазақстандық ғалымдар.
Әсіресе, биогаз өндірудің арзан жолы шетелдік ғалымдардың қызығушылығын туғызып отыр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты
-
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек
-
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма
-
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
-
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек
-
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты

