• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы саласындағы бірқатар келісімдер қаралды

Сенатта құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы саласындағы бірқатар келісімдер қаралды

5 Қазан, 2015 12:14
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарыкомитетінің кеңейтілген отырысында «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте қол қойылған келісім ТМД мемлекеттерінде есірткінің заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған. Заң ережелері есірткі құралдарының, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының үлгілерін салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін беру, сондай-ақ алынған есірткілер мен олардың прекурсорларының жаңа үлгілерін алмастыру мүмкіндіктерін қарастырады.

Комитет мүшелері «Қазақстан Республикасы мен Монако Князьдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»заң жобасын да талқылады. 2015 жылғы 5 наурызда Монте-Карлода қол қойылған шарт екі мемлекеттің құқық қорғау және сот органдарының өзара іс-қимыл тетіктерін реттейді. Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.

2015 жылғы 1 сәуірде Астанада қол қойылған Шарттың ережелері қылмыспен күресте екі тараптың ынтымақтастығын арттыруға бағытталған. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар