- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ШОБ-тің экономикалық белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тобы құрылды
Қызылорда облысында ШОБ-тің экономикалық белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тобы құрылды
Осы меморандум аясында әкімдік пен банк шағын және орта бизнестің индустриалдық-инновациялық жобаларын қолдауға, қазақстандық мазмұнын арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалардың енгізілуіне аса көңіл аударады. Әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасына ұсынысты қолдаған үшін алғысын білдіріп, банк қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі.
«Біздің аймағымыз серіктестік орнату үшін өте қолайлы. Біз ЕҚҚДБ, АДБ, БҰҰ даму бағдарламасы және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасаймыз. Кеше облысымызда орта тапты қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Сіздің шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлескен жұмыс тобын жасау жөніндегі ұсынысыңызды қолдаймын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Қазақстандағы ең ірі несие беруші банк және отандық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы ретінде «Қазкоммерцбанк» жергілікті атқарушы билік органдармен тиімді серіктестік қарым-қатынасты орнатуға мүдделі және Қызылорда облысы кәсіпорындарымен әріптестікті нығайтып, кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, біз жоспарлаған мемлекеттік бағдараламалардың бәрін жүзеге асыруды жалғастырамыз және өз тарапымыздан ұтымды жобаларды тиімді келісім шарт негізінде қаржыландыруға дайынбыз», - деді банк басқарма төрағасы Мағжан Әуезов.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарамасының басшысы Мирас Төлебаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, әлеуетті серіктестік салаларын таныстырды. Өз кезегінде «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы М.Әуезов және басқарушы директорлар банк қызметі туралы айтып берді. Банк делегациясы түс ауа өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі және бірқатар өндірістік нысандарды аралайды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар