- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Тоғжанов: ҚХА жылы дәстүрлі патриоттар кездесуіне ерекшелік сыйлады
Е.Тоғжанов: ҚХА жылы дәстүрлі патриоттар кездесуіне ерекшелік сыйлады
«Жыл сайынғы кездесу дәстүрге айналды, бұл форумның ерекшелігі 2015 жылды Елбасы ҚХА жылы деп жариялаған болатын. ҚХА жылы – келісім жылы, ҚХА жылында әрбір қазақстандықтың бір -бірін қолдауы арта түседі. Осы жылы бірқатар мерейлік мерекелер тойлануда – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, 6,7,8 қазанда Жамбылда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қорытынды шараларды тойлаймыз. Біздің форум барлық саяси шаралардың өзегі, Ұлы Дала елі қатысушылары Таразда бас қосады», - деді Е.Тоғжанов.
Патриоттар форумы Қазақстан өңірлерінде 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы жолғы форум Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр.
Форум жұмысына еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан аса делегат қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында өз ісінің нақ шеберлері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, аграрийлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты әртістер мен мәдениет қайраткерлері және тағы басқалары бар.
Ботагөз Айтжанова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр