- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Патриоттар форумы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы аясында барлық қазақстандықтардың шоғырлануына сеп болады
Н. Назарбаев: Патриоттар форумы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы аясында барлық қазақстандықтардың шоғырлануына сеп болады
«Баршаңызға бүгінгі «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» республикалық патриоттар форумына қош келдіңіздер деймін. Бұл форум өте ерекше, ол еліміздің Ата заңының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығында өтуде. Бұл біздің бірегей салт-дәстүрімізбен, халқымыздың ауызбіршілігінің, өз отанымызды, туған жерімізді «Ұлы дала елін» қастерлеп қадірлеуіміздің жемісі. Партиоттар форумы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы аясында барлық қазақстандықтардың шоғырлануына сеп болады деген сенімдемін. Барлық форумға қатысушыларға және барша қазақстандықтарға денсаулық, табыс және жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектестігімді білдіремін», - деп ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Қазақстан Президентінің атынан шараға қатысушыларға арналған үндеуін оқыды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» тақырыбын арқау еткен республикалық патриоттар форумы өтуде, оған республиканың барлық өңірлерінен 2000-нан астам делегат жиналды.
Айта өтейік, Патриоттар форумы 2007 жылдан бері Қазақстанның әр түрлі қаласында өткізіліп келе жатыр. Биылғы форум Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналады.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады