- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Тур Алматы 2015» веложарысы өтті
Алматыда «Тур Алматы 2015» веложарысы өтті
Веложарысқа әлемнің 16 елінен 19 команда қатысты, соның ішінде кәсіби «Astana PRO Team» мен ресейлік «Катюшa» командалары бар.
Жарысқа қатысушылар мен көрермендер алдында сөйлеген сөзінде қала әкімі мегаполисте веложарыстың осымен үшінші рет өтіп отырғандығын, оған қатысушылар қатарының жыл санап арта түскендігін айтты.
«Бұл Алматы брендін алға жылжытады. Кез - келген мегаполис ірі Халықаралық жарыстарды өткізіп тұрады. Біз үшін бұл жарыс – Универсиада 2017 алдында қала инфрақұрылымын жақсартудың ұтымды мүмкіндігі. «Тур Алматы» алматылықтарды қуантады. Велосипед спорты біздің қаламызда танымал. Біз алдағы уақытта да жарыстың бұл түріне қолдау көрсетеміз», - деді Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша өткен жылы спорттың осы түріне қалада 10 мың адам қатысқан. Eurosport телеарнасы арқылы әлемнің 100 млн. көрермені жарысты тамашалаған. Биыл бұл спорттық шараға 11 мың қалалық келген.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында Алматы әлемдік спорт оралығына айналуда. Соңғы жылдары мегаполисте түрлі спорт түрлері бойынша 10 әлем чемпионаты өтті, қалада 1,1мың спорт нысандары жұмыс істеуде», - деді қала басшысы.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті