- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізілді
Елордалық оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізілді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, акцияның мақсаты – темір жол нысандарында, темір жол қиылыстары мен өтпелерінде бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
№61, №36 мектептер темір жолдарға жақын орналасқандықтан профилактикалық сабақты осы мектептерде өткізу жөн деп саналды.
Акция барысында ұйымдастырушылар мектеп оқушыларына темір жолдағы қауіпсіздік ережелері бар буклеттерді үлестірді.
«Темір жолды тек арнайы белгіленген жерлерден, пойыздың жоқ екендігінен көз жеткізгеннен кейін ғана өтуге рұқсат етілген. Естеріңізде болсын, темір жол нысандарынан өту кезінде барынша мұқият, абай болу керек»,- деді еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бас инженері Гүлзат Әлжанова.
Маманның айтуынша, темір жолда орын алатын травматизм адамдардың салғырттығынан болады.
«Көп жағдайда адамдар құлаққаптармен музыка тыңдап немесе ұялы телефонмен сөйлесіп, пойыздың келе жатқанын байқамайды. Осының салдарынан қайғылы оқиғалар орын алады. Темір жол рельсі – жаяу жүргіншілер жолы емес. Сондықтан барынша сақ болғандарыңыз абзал. Алайда, көп адамдар бұл ережелерді сақтай бермейді. Пойыздың тежеу жолы 800 метрден 1600 метрге дейінгі қашықтықты талап етеді, сондықтан машинист пойызды тежеп үлгермеуі әбден мүмкін»,- деп ескертті Г.Әлжанова.
Темір жолды тек арнайы белгіленген орындардан ғана өту керектігін оқушыларға тағы бір мәрте қайталап айтты.
Темір жол нысандарын тиісті емес орындардан кесіп өтуге, вагондардың маңынан жүруге болмайды, рельстарда тұруға және отыруға тыйым салынған.
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр