• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысындағы жәрмеңкеде 406 миллион теңгенің өнімі саудаланды (ФОТО)

Қызылорда облысындағы жәрмеңкеде 406 миллион теңгенің өнімі саудаланды (ФОТО)

5 Қазан, 2015 11:09
Қызылордада «Алтын күз-2015» мерекесіне орай ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Барлық аудан мен қала маңындағы шаруа қожалықтарынан 522 көлікпен 1690 тонна өнім әкелінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы соммасы 406,1 миллион теңгені құрайды. Ауыл шаруашылық дақылдары нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан сатылды. Жәрмеңкелер облыс орталығының 9 мөлтек ауданында өтті. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев барлық жәрмеңкені аралап, тұрғындармен тілдесті.

Сыр дихандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл бойы қатарынан қайталанып отыр. 

Бір ерекшелігі бұл жолғы жәрмеңкеде ұлттық сусындар молынан болды. Сондай-ақ, картоп, жуа, сәбіз секілді дақылдарды тұрғындар таласа-тармаса алды. Өйткені, бағасы қалтаға қонымды. 50-60 теңгенің шамасында саудаланды. Қала тұрғындары қыстық азықтарын арзан бағада алып жатқандықтары ризашылықтарын білдірді.

Барлық жаңалықтар