- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада жаңа ипподром ашылды (ФОТО)
Қызылордада жаңа ипподром ашылды (ФОТО)
Облыс орталығында жаңадан пайдалануға берілген ипподром мемлекеттік жеке-әріптестік аясында «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысынан салынды. Барлық халықаралық талаптарға сай. Мұнда, ат спорт түрлерін үйрететін үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Енді аймақта жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізіп, ұлттық спортты ұлықтауға мүмкіндік бар.
«Қазақта атқа байланысты теңеулер, әндер, жырлар көп. Бұл жылқы жануарын киелі санағанның белгісі. Республикалық жарыстарға облысымыздан қатысқан ауыздығынан жел ескен, асыл тұқымды «Император», «Қара қыз» секілді тұлпарлар ел аузында аңыз болып айтылып жүр. Бүгін пайдалануға беріліп отырған жаңа ипподромда сол сәйгіліктердің ізін жалғайтын тұлпарлар шығатынына сенімдіміз. Мереке баршаңызға құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Күні кеше облыста егін жинау науқаны аяқталды. Диқандар биылғы жылды табысты аяқтады. Солардың арасындағы үздіктері мереке барасында марапатталып, автокөлік кілттері табысталды.
Ат бәйгесі үш түрі бойынша өтті. Жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз және Қызылордадан 42 сәйгілік қатысты. Құнан бәйгеде шиелілік Маханбет Майлыбайдың «Реана» атты жылқысы топ жарды. Шабандозы Медет Есентұр.
Ал, қызылордалық Сабырхан Ерасыл шапқан «Дарабоз» атты сәйгілік тоқ бәйгеде шашасына шақ жұқтырмады. Аттың иесі – Бақтияр Бекежанов. 25 шақырымға созылған аламан бәйге жарыс көркін қыздырды.
Көрермендердің қиқуы, сәйгіліктерге шабыт берді. Бұл сындада қызылордалық «Айторы» есімді жылқы жеңімпаз атанды. Шабандозы Ерболат Досжанов, ат иесі – Талғат Киікбаев. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр