- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» патриоттар форумы өтеді
Астанада «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» патриоттар форумы өтеді
Форум жұмысына еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан аса делегат қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында өз ісінің нақ шеберлері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, аграрийлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты әртістер мен мәдениет қайраткерлері және тағы басқалары бар.
Патриоттар форумы Қазақстан өңірлерінде 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы жолғы форум Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр.
Айта кетерлігі, форум аясында жыл сайынғы «Жыл патриоты» байқауының марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың 7 номинациясы бойынша ерлік танытқан қазақстандықтар мен күнделікті ісімен өз Отанына деген патриоттық сезімін көрсеткен тұлғалар марапатталады.
Патриоттар форумы ҚХА-ның «Үлкен ел үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының ашылуына жол ашады. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлты жоспары аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоба аясында болашағы біртұтас ұлтты құру жолында рухани және мәдени тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар мен ауқымды акциялар кешені өткізілетін болады.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді