- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары өзгертілді
Қазақстанда техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары өзгертілді
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы қысқартылды (8-ден 3-ке дейін), қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 7-ден 2-ге дейін, қызмет көрсету мерзімі 20 күннен 15 жұмыс күніне қысқартылды, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 20 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Осы өзгерістер 2015 жылдың 5 қазанында күшіне енеді.
Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен үш мемлекеттік көрсетілетін қызметті 2016 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін толықтырулар қабылданды.
Бүгінгі күні екі мемлекеттік көрсетілетін қызмет (сарапшы-аудиторларды аттестаттау, мемлекеттік рәміздерді дайындауға арналған лицензия беру) электрондық портал арқылы көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинеті арқылы жүгініп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті пайдаланушылар үшін www.memst.kz сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, рұқсат беру құжаттарының паспорттары орналастырылған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді