- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда аграрилері күріштен рекордтық өнім алды (ФОТО)
Қызылорда аграрилері күріштен рекордтық өнім алды (ФОТО)
«Халықта несібесі мол елдің егіні бітік шығады деген сөз бар. Кеше ғана Сыр дихандары ала жаздай күтіп баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш берді. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 90-шы жылғы деңгейден асып түсті. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге өсті», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақ басшысы облыста ауыл шаруашылық саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Бүгінде тамшылатып суару әдісімен жүгері және қызанақ егіп, крахмал, томат пастасын өндіру жобаларының алғашқы жұмыстары басталып кетті.
Сондай-ақ, облыс әкімі сыр қауынының әлеуетін арттыру керектігін айтты. Кезінде Жаңақорған мен Қазалы арасындағы әр станцияда жұмыс жасаған қауын қабылдау пункттерін біртіндеп ашу мәселесі бойынша инновациялық жобаларды іске қосу үшін «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мүмкіндіктері қарастырылатын болады.
Аймақта егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыстар көп. Бұл салаларды әрі қарай дамыту мақсатында Жаңақорған ауданында бірінші рет малшылар слеті және Арал ауданында бірінші рет балықшылар слеті өтті. Айта кетейік, биыл облыста қуаты жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын және ірі мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қолға алынды.
Салтанатты жиында Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндіруші және қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев Елбасыға арналған Үндеуді оқыды. Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 24 түрлі номинациямен марапаттап, заттай сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы бойынша озат аудан» – Арал ауданы, «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» – Сырдария ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша озат аудан» - Қазалы аудандары марапатталды. Ал егіні бітік шыққан Жалағаш ауданы науқан қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылды. Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек