• Басты
  • Жаңалықтар
  • Толеранттылық ұстаным Қазақстанды ашықтық пен динамизмге алып келді – сарапшы (ВИДЕО)

Толеранттылық ұстаным Қазақстанды ашықтық пен динамизмге алып келді – сарапшы (ВИДЕО)

5 Қазан, 2015 09:51
Қазақстан әрқашан әлем назарында болды. Бүгінде Қазақстанның тарихы маңызды және қазіргі заманға өз жемісін қосқаны көрініп тұр, деп хабарлады «Ұлы дала елі» экспедициясының қатысушысы, тарих ғылымдарының доктары, профессор , бірқатар ғылыми еңбектердің авторы Георгий Кан «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Қазақстан әрқашан әлем назарында болды. Бүгінде Қазақстанның тарихы маңызды және қазіргі заманға өз жемісін қосқаны көрініп тұр. Мен тіпті біздің табыстылығымыздың формуласын енгізуге тырыстым, ол толеранттылықта.  Толеранттылық принціпі Қазақстанды ашықтық пен динамизмге алып келді. Шетелде біздің мемлекетіміздің тарихына деген қызығушылық болды және солай қала бермек, себебі елдер біздің даму тарыхымызды білгісі келеді», - деді Г.Кан.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан халық Ассамблеясының «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды.  Ауқымды шара қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Көне тарихтан сыр шертетін экспедиция Тараз қаласында 2015 жылдың 9 қазанында аяқталады. Онда «Тарих толқынындағы ұлы дала» тақырыбымен үлкен көрме өтеді. Жоба қорытындысы бойынша экспедиция қатысушылырының пікірі басылған үштомдық күнделік жарық көреді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар