• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгро» ұлттық холдингі 92,8 млрд теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қолдады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 92,8 млрд теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қолдады

5 Қазан, 2015 10:54
Қазақстанның негізгі астық егуші аймақтарында дәнді дақылдарды жинау белсенді жүргізілуде.Биылғы жылдың көктеміндегі егістік науқаны ауа-райының қолайсыз жағдайларының себептерімен біраз созылып кеткені белгілі, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Бүгінде күзгі жаңбырлар мен салқын түскенге дейін жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу аса маңызды.  Басты аграрлық шараларды сапалы әрі уақытылы өткізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингі өз көмегін көрсетуде,  ол осы кезге дейін республиканың аграрлық құрылымдарын 92,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Осы қаражаттардың негізгі бөлігін Холдингке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 60 млрд. теңге көлеміндегі несие қаражаты құрайды.  Бүгінгі күні осы қаражаттарды игеру шамамен 59 млрд.теңгені немесе шамамен жоспардың  98%-ын құрады.  Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 2 251 өтінімі қаржыландырылды.

ЕДБ арқылы агробизнесті қорландыру құралы «ҚазАгро» ұлттық холдингімен өткен жылғы сияқты фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында қолданылды.  Банктердің бағдарламаға қатысу саны 2014 жылмен салыстырғанда 4-тен 8-ге дейін екі есеге өскенін атап өту қажет.  Олар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 100% қаражат игерілген.

Бюджеттік несиеден басқа, «ҚазАгро» холдингінің   еншілес компаниялары меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырды. Мысалы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Егінжай» бағдарламасы бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы» - Несие серіктестіктері жүйесі арқылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ауылшаруашылық техникасының лизингі бағдарламасы бойынша.

Аграрларға егін жинау науқанын уақытылы жүргізу үшін көмек ретінде «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша ауыл тұрғындарының отандық өндіріс комбайндарын жеңілдікті сатып алу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% көлеміндегі аванстық төлем мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарту арқылы 7 жыл мерзімді көздейді.  Ауа-райы жағдайларының мүмкін бұзылып кету қаупін ескере отырып, ұқсас жағдайлар дән тазалағыш және дәнді кептіргіш жабдықтарды лизингке сатып алу үшін көзделген.

Егін жинау жұмыстарын қаржыландыру шеңберінде бүгінгі таңда жалпы сомасы 26,6 млрд.теңгеге 1 913 бірлік техниканы сатып алуға өтінімдер қабылданды, оның ішінде 15,3 млрд.теңге сомасына 1 392 бірлік техниканың қаржы лизингі шарты жасалды.  

Астық сақтау қуаттылығын кеңейту мақсатында «ҚазАгро» ұлттық холдингі астық қоймаларын салу және жаңартуға өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асырады.  2014 жылы сақтау сыйымдылығы 76,5 мың тонна қуаттылықты құру/кеңейту бойынша 5 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы 200 мың тоннадан кем емес сақтау қуаттылығын пайдалануға беру жоспарланады, қуаттылығы 422 мың тонна жобалар іске асырылу сатысында.

 

Барлық жаңалықтар