- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК ӘҚК әскери қызметшілері пәтер кілтін алды (ФОТО)
ҚР ҚК ӘҚК әскери қызметшілері пәтер кілтін алды (ФОТО)
Жаңа қалпына келтірілген екі қабатты кірпіш үй әскери бөлім аумағында орналасқан. Ғимарат 1982 жылы салынған, онда мерзімді қызмет сарбаздарының жатақжайы орналасқан. Үйдің түрғын жатақхана ретінде толық қалпына келтірілуін жүргізген, жөндеу жұмыстары 3 бір бөлмелі және 35 екі бөлмелі пәтерде Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің күшімен жүргізілді. Пәтерлер ішінара жиһаздандырылған, шкафтар мен электр плиталары орнатылған.
«Тұрғын үй мәселесі әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімділік кепілі. Жеке құрамның қызметте қайтарымы және талпынысы болады, тұрмыстық мәселелерге алаңдамай қойылған тапсырмаларды орындайды», – деп атап өтті ӘҚК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі әскери ведомство басшылығының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үйді салу, сатып алу, сондай-ақ күрделі жөндеу есебінен жүзеге асырылады. Жатақхананы пайдалануға беру әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй мәселелерін шешудегі әскери ведомстваның кезекті қадамы болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары