- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: ЭКСПО-ның басты мақсаты – болашақтың энергиясын көрсету
А.Есімов: ЭКСПО-ның басты мақсаты – болашақтың энергиясын көрсету
Құжатта Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырудың негізгі бағыттары көрсетілген. Бұдан өзге алматылық кәсіпорындар мен ЭКСПО-ның бас мердігерлері арасында жалпы құны10 млрд теңге болатын бірқатар келісімге де қол қойылды. Форумды ашқан қала басшысы алдағы болатын көрменің қала үшін мультипликативті тиімділігі мен елге берер мол мәнін атап өтті. Ол «Астана ЭКСПО-2017» алматылық тауар өндірушілерінің белсенді түрде қатысуы нысандардағы қазақстандық сипаттың үлесін арттырады деді.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев, айтып өткендей, ЭКСПО – қазіргідей күрделі дағдарысқа қарсы бағдарлама болып саналады. ЭКСПО инвестицияны молайтып, туризмді және басқа да салаларды дамытуға, құрылысқа жаңа технологияларды тартуға ықпал етеді. Ең бастысы - ЭКСПО жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімін арттырады, соның арқасында біз маңызды міндеттер мен жобаларды жүзеге асырамыз», - деді Б.Байбек.
Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов отандық экономиканың локомотивіне айналған Алматының жоғары потенциалын және Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауы арқасында «Астана ЭКСПО-2017» дағдарысқа қарсы бағдарлама екендігін жеткізді.
«Сөз жоқ, ЭКСПО-ны Алматысыз өткізу мүмкін емес. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы- 2020», «Нурлы жол» және басқа да бағдарламаларға игі ықпал етеді. Президенттің бастамасы бойынша отандық бизнеске қатысты үлкен бағдарламалар өмірге келуде, ал ЭКСПО арқылы болашақ энергиясы паш етіледі. Бұл өте ауқымды жұмыс, оның біздің еліміз ғана емес, әлемнің болашақ энергетикасы үшін де маңызы орасан», - деді А.Есімов.
ҚР Тұңғыш Президентінің қоры форумы аясында Алматы қаласы тауар өндірушілерінің көрмесі өтті, онда 40 компания өз өнімдерін көрсетті. Олардың арасында құрылыс материалдары, қондырғылар, арнайы техника, мебель, киім, сувенир және полиграфия өнімдері бар.
Шара аясында «Ritz-Carlton» және «Inter Continental» отелдеріне «Recommended by EXPO» (ЭКСПО ұсынған) төсбелгісі табыс етілді.
Жасаған Меморандум бойынша Алматы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017»ҰҚ» АҚ-ының арасында 2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» мерзімінде әрі сапалы жүргізу үшін шаралар Жоспары жасалып, бекітілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»