• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Қытайдағы елшісі ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы елшісі ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

5 Қазан, 2015 09:07
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарладЫ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Орын алған сұхбаттасу бырысында Қазақстан және Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің оң қарқыны атап өтіліп, оның одан ары қарышты дамуына сенім білдірілді.

Мемлекеттік кеңестің Премьері 2015 жылы 30 тамыз – 3 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нәтижесі бойынша 33 құжатқа, соның ішінде индустриализация және инвестициялар саласында сомасы 23,4 млрд. АҚШ долларды құрайтын 28 құжатқа қол қойылған Қытайға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларына өзінің жоғары бағасын берді.

 

 

Барлық жаңалықтар