- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК бітімгершілері «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуында содырлар лагерін бұғаттауды және жоюды пысықтады (ФОТО)
ҚР ҚК бітімгершілері «Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуында содырлар лагерін бұғаттауды және жоюды пысықтады (ФОТО)
Оған Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерші әскери қызметшілері де қатысты. Бірінші кезең бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияға ҰҚШҰ-ның ҰБК қолбасшысының ниетін тыңдаудан басталды.
Содан кейін Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ ҰБК-нің өзге де бөлімшелерімен бірлесе бірнеше тактикалық эпизодтарды орындады. Яғни, ізгілік жүкті алып жүру, патрульдеу, бақылау-өткізу және қадағалау пункттерінде қызмет өткеру, содырларды дайындау лагерін бұғаттау және тарату. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 600 адам, 50-ге жуық бірлік техника тартылды, оның ішінде тікұшақтар мен ұшқышсыздар.
Бүгінгі күні ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерінің жалпы саны 3 600 адамды құрайды. ҰҚШҰ-ның алдыңғы оқу-жаттығуларындағыдай, бұл оқу-жаттығуға бітімгершілік операцияларды дайындау және өткізудің келелі мәселелерін зерделейтін және басқаруды, өзара іс-қимыл мен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдарды әзірлейтін зерттеу тобының құрамындағы жетекші жоғары әскери оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысады.
«Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуының негізгі мақсаты ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бітімгершілік контингенттері арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастықты нығайту, бітімгерішік операцияны дайындау және бітімгершілік тапсырмаларды орындау барысында ҰҚШҰ-ның ҰБК бөлімдерін (бөлімшелерін) басқару жөніндегі жұмыста барлық дәрежедегі командирлер мен штабтардың практикалық шеберлігі мен дағдыларын арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы